Ел игілігіне берілген су жаңа тағы бір нысан жабық жүзу бассейнімен фитнес залы. Енді Бейнеу ауданының бүлдіршіндері бұдан былай жаңа үлгідегі бассейнде шомылып, фитнес залда жаттығатын болады.
Нысанның жалпы көлемі 600 м2, 240 адамға дейін қабылдай алады. «Каспий теңізінен шалғайда орналасқан ауданда мұндай нысанның ашылуы керемет жағдай, алдағы уақытта ауданнан мықты спортшылар шығып, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин секілді чемпиондар шығатынына сенімдіміз деді», ауыл тұрғындары. Бейнеуде пайдалануға берілген келесі нысан - Боранқұл ауылындағы су тазартқыш қондырғысымен бар су құбыры.
Су тазарту иммаратының өнімділігі сағатына 198 текше метр, таза суға арналған 3000 м3 қойма орналасқан. 11 адам еңбек ететін болады.