Аймақтар • 29 Мамыр, 2019

Көшелерге сыртқы жарнама орналастыру бойынша жаңа ереже күшіне енеді

1516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шымкент филиалында сыртқы жарнама саласы бойынша кәсіпкерлермен кездесті.

Көшелерге сыртқы жарнама орналастыру бойынша жаңа ереже күшіне енеді

Жиында Б.Мамыталиев шаһар көшелеріндегі баннерлер, скроллдар, ЛЭД-экрандар, билбордтарының орналасу тәртібі жөнінде сала жауаптыларының ұсыныстарын тыңдады.

«Осы саланы реттеуге қатысты ұсыныстарымыздың бірі - сыртқы жарнамаға арналған конструкцияға 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жер беру. Бұл - жер жалға алушыларға тиесілі болатынын білдіреді. Қазір кәсіпкерлердің ұсыныстарын күтеміз. Қаламызда осы салада 20-дан астам кәсіпкер жұмыс істейді. Өкінішке қарай, кездесуге олардың 5-і ғана келді. Егер айтарларыңыз бар болса, соңғы жобаға енгізу үшін барлық ұсыныстарыңызды жинақтап, "Атамекен" ҰҚ ШФ арқылы сәулет басқармасына жолдаңыз. Өйткені, бизнесіңізді дамуы осыған байланысты болмақ», дейді Бауыржан Мамыталиев.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Шымкентте сыртқы жарнаманың 80 пайыздан астамы ережеге сай келмейді. Техникалық шарттарды сақтамай орнатылған билбордтар жиі кездеседі. Сондықтан қала әкімінің орынбасары Шымкентте сыртқы жарнама орналастыру бойынша жаңа ереже күшіне енетіндігін айтты.