Сайлау • 30 Мамыр, 2019

Сайлау заңдылығының талаптары сақталады

1205 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комис­сиясының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімінің бас консультанты Венера Жексембекова журналистерге елімізде болып жатқан сайлау процесі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Орталық сайлау комиссиясының интернет желісінде өзіндік сайты бар екенін еске салды.

Сайлау заңдылығының талаптары сақталады

Ал сайлау туралы заң бұзу­шылықтар болды деп есептелсе, заң бұзушылық жасалған күн­нен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссия­ларына, сотқа немесе прокуратура органдарына жүгінуге болады. Сол сияқты осы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты адамды толғандыратын мәселелер бойынша аумақтық, округтік немесе учаскелік сайлау комиссияларына хабарласуға мүмкіндік жасалған. Демек, мұн­дай жағдайда кез келген сайлау­шының заңды жауап алуына құқығы бар деген сөз.

Мәселен, Конституциялық заңның талаптарына сәйкес мәлi­меттердi бермеген немесе жарияламаған, сайлау комис­сиясының өз құзыретi ше­гiнде қабылдаған шешiмiн орын­дамаған, сайлау алдындағы үгiттi сайлау күнi, не соның алдынд­ағы күнi жүргiзген, сайлау алдындағы үгіт жүргiзу құ­қы­ғына кедергi келтiрген жә­не кан­дидаттар мен саяси партия­лар туралы көрiнеу жал­ған мәлiметтер таратқан немесе олардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан кел­тiретiн өзге де iс-әрекеттер жа­сал­ған жа­ғ­дайда Қазақстан Респуб­лика­­сының заңдарында белгі­ленген әкiмшілiк және өзге де жауап­тылық қарастырылған.

Сонымен қатар сайлау комиссиясы мүшелерiнiң құқықтарын және азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзған, сайлаушылар тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы жалған мәлiметтер берген, басқа адамдар үшiн дауыс беру мақсатымен азаматтарға сайлау бюллетеньдерін берген немесе сайлауға қатысу үшін демалыс бермеген, бұқа­ралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгіт жүр­гiзу талаптарын бұзған, анонимдi үгiт материалдарын да­йындаған немесе таратқан, үгiт материалдарын қасақана жойған немесе зақымдағандар да жауаптылыққа тартылады. 

Сондай-ақ кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық (материалдық) қолдау көрсеткен, кандидатты сайлау үшiн шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан, азаматтығы жоқ адамдардан көмек алған, сай­лауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу жүргiзудің та­лаптарын бұзған, сайлауда кандидаттардың, саяси пар­тия­лардың сенiм бiл­дiрiлген адам­дарының, бұқаралық ақ­парат құралдарының өкiлде­рi мен байқаушылардың заңды қызметiне кедергi келтiр­ген жағ­­­дайда Қазақстан Республи­ка­сының заңдарында белгіленген әкiмшілiк және өзге де жауап­тылықта болады. 

Дауыстарды санау нәтижелерi туралы хаттама бір парақтың екі жағына басылады. Хаттамаға сайлау комиссиясының төрағасы мен комиссия мүшелері қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаға сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды. Хаттаманы қарындашпен және әр түсті сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бір түзетулер енгiзуге жол берiл­мейдi. Бұл ретте дауыс беру нә­ти­желерiнiң сандық мәнi сөз­бен жазылып қайталануы тиiс. Дауыс­тарды санау нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесi жал­пы жұрттың танысуы үшiн аумақтық сайлау комиссиясының үй-жайында iлiнедi.

Аумақтық сайлау комиссия­сында қатысып отырған адам­­ның тiлегi бойынша қоры­тын­ды шығарылған кезде оған ко­мис­сия төрағасы мен хатшы­сы­ның қол­дары қойылып, сайлау ко­мис­сиясының мөрiмен куәлан­ды­рыл­ған хаттаманың көшiр­месi беріледi. Дауыстарды санау нә­тижелері туралы хат­та­маларға қол қойылғаннан кейін олар дереу облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала­ла­ры­ның сайлау комиссияларына ұсы­нылады. 

Облыстың, Нұр-Сұлтан, Ал­маты, Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары  ОСК-ға дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы хаттама жа­­салған күннен бастап екі күндік мерзімнен, яғни 11 маусымнан кешіктірмей ұсы­нады. Учаскелiк сайлау комиссияларының хат­тама­ларында қателер, сәйкес­сiздiк­тер анықталған кезде, сон­дай-ақ дауысты санаудың дұ­рыстығына күмәнданған кезде, тиісті жоғары тұрған сайлау ко­­миссиясы тиiстi учаскелiк (аума­қтық) сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауысын қай­та санау туралы шешiм қабыл­дауға хақылы.