Спорт • 30 Мамыр, 2019

Гимнастшы Роза Абитова Холондағы турнирде қола медаль жеңіп алды

762 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көркем гимнастикадан Израильдің Холон қаласында өткен халықаралық турнир қазақстандық Роза Абитова үшін сәтті аяқталды. Ол үздік үштік қатарына енді деп хабарлайды Olympic.kz.

Гимнастшы Роза Абитова Холондағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді. 

Сондай-ақ ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда үшінші орын алды. 

Холондағы турнир ресейлік Дарья Приданникованың жеңісімен аяқталды. Екінші орында - болгариялық Татьяна Воложанина.