19 Сәуір, 2013

Заң жобалары: оларда нендей жәйттер қарастырылып отыр?

259 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Заң жобалары: оларда нендей жәйттер қарастырылып отыр?

Жұма, 19 сәуір 2013 0:44

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫН ҰЗАРТУ – ЗЕЙНЕТ ЫРЫСЫН ҰЛҒАЙТУ

Жүйені жаңғыртудың жұртшылыққа жақсылығы мол

Бүгінгі күні қоғамда қызу тал­қыланып жатқан өзекті мә­селелердің бірі – Қазақстан Рес­публикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі. Аталған мәселе Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-эконо­микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы және Үкіметтің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту шараларын қабылдау туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

Жұма, 19 сәуір 2013 0:44

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫН ҰЗАРТУ – ЗЕЙНЕТ ЫРЫСЫН ҰЛҒАЙТУ

Жүйені жаңғыртудың жұртшылыққа жақсылығы мол

Бүгінгі күні қоғамда қызу тал­қыланып жатқан өзекті мә­селелердің бірі – Қазақстан Рес­публикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі. Аталған мәселе Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-эконо­микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы және Үкіметтің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту шараларын қабылдау туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде Парламент Мә­жілісінің қарауындағы «Қазақ­стан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (жаңа басылым), «Зейнетақымен қамсыз­дандыру мәселелері жөніндегі Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар жобаларымен мыналар қарастырылуда:
1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институттық базасын дамыту
Жоғарыда айтылған заң жобаларына сәйкес «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) базасы негі­зінде Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қорын құру көзделген. Құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіме­ті болып табылады. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры зейнетақы жарналарын тартатын бірден-бір ұйым болады. Сонымен қатар, азаматтардың қалауы бойынша ерікті және ерікті кәсіби жарналарын үйлестіріп, салымшылардың дербес зейнетақы шотының есеп-қисабын жүргізіп, зейнетақы жи­нақтары есебінен төлемдерін аудара алады.
Бүгінгі ахуал бойынша республикада 10 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМКК (бұдан әрі – ЗТМО) шотына түседі, ЗТМО оларды жасалған зейнетақы шарттары бойынша тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
Жинақтаушы зейнетақы қорла­рындағы салымшылардың жеке зейнетақы есеп-шоттарының саны 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 8 772 102-ні құрайтынын атап өткен жөн.
Салымшылардың жеке зей­нет­ақы есеп-шоттары барлық жи­нақтаушы зейнетақы қорларының құқықтық мұрагері болып табылатын бірыңғай зейнетақы қорына беріледі.
Біздің жинақтаушы зейнетақы қорларын біріктіру тәжірибеміз бар екендігін атап өту қажет – яғни, 2010 жылы «Қорғау» ЖЗҚ» АҚ-ты «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-қа біріктіру; 2011 жылы «Аманат Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ-ты «Еуразиялық» АҚ-қа, «БТА Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ-ты «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-қа біріктіру; 2012 жылы «Индустриялық Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ-ты «ГНПФ» АҚ-қа біріктіру.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы жинақтарын Қорға беру тәртібі заңнамалық деңгейде реттеледі және толық көлемде жүзеге асырылады. Әр салымшы өз зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысына сәйкес келетін дербес активтер сомасы туралы ақпарат алады.
2. Зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2009 жылғы 1 шілдеден бастап республикада салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы мен инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы мемлекеттік кепілдік төлемі жүзеге асырылуда.
2009 жылғы 1 шілде мен 2013 жыл аралығындағы мемлекеттік кепілдік төлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің төмендегі қаулыларымен регламенттелді: 2009 жылғы 15 ма­мырдағы №726 қаулы, 2012 жылғы  4 ақпандағы №204 қаулы, 2013 жылғы 12 ақпандағы №125 қаулы.
Жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ЗТМО-ға азаматтардан құжаттар қабылдау, шешім жобаларын дайындау және мемлекеттік кепілдік сомаларын төлеу бойынша міндеттер жүктелді.
Салымшының зейнетақы төлем­дерін алу құқығына ие болу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы мен инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы мемлекеттік кепілдік төлемі алушыларға төмендегі бес санат бойынша жүзеге асырылуда: зейнеткерлер – зейнет жасына жеткен тұлғалар (әйелдер – 58, ерлер – 63); 5 және одан да көп бала туған әйелдер; мүгедектігі мерзімсіз белгіленген 1 және 2 топтағы мүгедектер; әлеуетті құрылымдар бағыты бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлер және Қазақстаннан тұрақты тұру үшін басқа жерге кеткен тұлғалар.
Осылайша мемлекеттік кепілдік төлемі былайша жүзеге асырылды:
2009-2010 жылдары – 72 539 алушыға 2 181 575 566 теңге сомасында;
2011 жылы – 50 356 алушыға 2 758 076 304 теңге сомасында;
2012 жылы – 106 718 алушыға 6 052 301 908 теңге сомасында.
2013 жылғы 1 наурызға дейін 8 969 алушыға 583 223 274 теңге төленді.
2009-2013 жылдары мемлекеттік кепілдік төлемі 238 582 алушыға 11 575 177 052 теңге сомасында жүзеге асырылды.
Заң жобасы шеңберінде инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде зейнетақы жарналары сақталуының кепілдігі бойынша мемлекет міндетінің сақталуы қарастырылуда.
Сонымен қатар, зейнетақы жи­нақтарының сақталуы Қордың зейнет­ақы активтерін есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын Қазақ­стан Республикасының Ұлттық Банкімен қамтамасыз етіледі.
Қор қызметіне заң жүзінде төмен­дегі тиісті талаптар белгіленеді.
3. Зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру
Қордың зейнетақы активтерін инвестициялау, тиісті табыс деңгейі мен сақталуын қамтамасыз ету әртараптандыру принциптерімен жүзеге асырылады.
Қордың зейнетақы активтерін басқару инвестициялық стратегия­ларға сәйкес Ұлттық банкпен, Қор­дың зейнетақы активтерімен бекітілген кеңес арқылы жүзеге асырылатын болады.
Кеңес құрамына тәуелсіз сарапшылар мен қаржы нарығына қатысушылар, Ұлттық Банк, Үкімет өкілдері кіреді. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қордың зейнетақы активтерін орналастыру үшін құралдар тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу мен осы тізбені қабылдау, Қордың зейнетақы активтерімен басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мен қарау кеңестің негізгі қызметтері болып табылады.
4. Кәсіби зейнетақы жарнала­рының міндеттілігін енгізу
Республикада ерікті кәсіби зейнетақы жарналары тиісті дами алған жоқ, осыған қарамастан, жинақтаушы зейнетақы жүйесі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Ұлттық Банк деректері бойынша 2013 жылғы 1 наурызда ерікті кәсіби зейнетақы жарналары 4 220, жинақтардың жалпы сомасы 136 996 теңгені құрайды.
Осыған байланысты қазіргі уақытта ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын міндетті қалыптастыруға ауыстыру механизмі әзірленуде. Жоғарыда көрсетілген заң жобасы шеңберінде 5 % көлемінде міндетті кәсіби жарналар мөлшерлемесі белгіленді. Осы бағытта ерекше еңбек жағдайы мамандықтары мен өндірістік тізбесін қайта қарау бойынша жұмыс жүруде.
5. Зейнет жасын біріздендіру
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуде зейнетақының азайған ынтымақты бөлігін жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдер толтыратыны жоспарланған. Ынты­мақты зейнетақы тағайындау үшін 2018 жылдан бастап зейнетке шы­ғатын әйелдердің (заңнамамен 1998 жылғы 1 қаңтарға әйелдер үшін 20 жыл қажет) толық еңбек өтілі жоқ екендігі ескеріледі. Жүктілік пен босануға байланысты демалыста болған кезеңде әйелдердің еңбек үзілістеріне орай аударымдарының тұрақсыздығы, біздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі жас болғандықтан, зейнетақы жинақтары төмен екендігі қаперге алынады. Осыған байланыс­ты әйелдер мен ерлер үшін бірыңғай зейнет жасын белгілеу қажеттілігі туындады. Осы мәселенің әлеуметтік мәнін ескере отырып, қазір әйелдер үшін жаңа зейнет жасын белгілеуді кезең-кезеңімен жүзеге асыру қарастырылса, бұл үдеріс 10 жылды құрайтын болады.
Серікхан САБЫРЖАНОВ,
«Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК бас директорының орынбасары.