Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

Бауырлас елдің қуыршақ театры қонаққа келді

1179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай балалар қойылымының тұсауы кесілді.

Бауырлас елдің қуыршақ театры қонаққа келді

Балалар жазушысы Райм Фархадидің ертегісі бойынша Антонина Малюченка режиссерлік еткен «Хочу бодаться»  қойылымы шымкенттік жас бүлдіршіндер назарына ұсынылды.  Достықты дәріптеп, алдау-арбаудың, жамандық жасаудың соңы жақсылыққа апармайтынын жеткізген туындыда балалар ертегі әлеміне сапар шегіп, қуыршақтармен бірге мұңайып, бірге қуанды.

Қойылым соңында театр директоры Бахтияр  Спанов мәдениет қызметкерелерін төл мерекемен құттықтап, еңбектерін ерекше атап, үздіктерге құрмет көрсетті.

Театрда талмай еңбектенген Умида Сапарова, Әйгерім Сапарбекова, Зарема Фархатқызы, Жанат Оңалбек сынды азаматтар Шымкент қаласы әкімі, Шымкент қаласы мәслихатының және республикалық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, театрда ұзақ жылдар бойы өнімді еңбек етіп келе жатқан Омархан Нәсірұлына «Еңбек даңқы» төсбелгісі табысталды.