Әлем • 30 Мамыр, 2019

Филиппинде білім алу үшін «экологиялық төлем» енгізілді

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппинде әлемнің барлық елдеріне үлгі боларлық заң қабылданды. Ел үкіметі барлық оқушыларды кем дегенде 10 ағаш отырғызуға міндеттеді. Осы міндетті орындағанда ғана түлектерге аттестат немесе диплом беріледі. Бұл туралы nat-geo.ru хабарлады.

Филиппинде білім алу үшін «экологиялық төлем» енгізілді

«Осы бастаманың арқасында 12 миллионнан астам бастауыш мектеп түлектері, 5 миллион орта мектеп түлектері және 500 000-ға жуық колледж түлектері жыл сайын 175 миллион жаңа ағаш отырғызатын болады», дейді заң авторларының бірі Гари Алехано.

Оның айтуынша, орындау барысы ешкімге қиындық туғызбайтын қарапайым міндеттің әсері керемет болмақ.

Қазіргі уақытта жоба бойынша сараптамалық қорытынды дайындалуда. Отырғызу үшін іріктелген ағаш түрлері әрбір нақты орынға, оның климаты мен рельефіне сәйкес болуы тиіс. Ағашты мангр тоғайлар мен ормандарда, пайдалы қазбалар өндіретін жерлерде және жекелеген қалалық аудандарда, сондай-ақ, қорғалатын аумақтар мен әскери полигондарда отырғызу жоспарлануда.

Қазіргі жастардың бір буыны жалпы алғанда елді 525 миллиард ағашпен көгалдандырады. Тіпті көшеттердің тек 10%-ы өскен жағдайдың өзінде, бұл -  525 миллионға тең.

Филиппиндер ХХ ғасырда жасыл желектің болмауынан қатты зардап шекті. Егер бұрын ормандар аумақтың 70%-ын жапса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 20%-ға дейін қысқарды. Көптеген жергілікті аудан мен ауылдарды су тасқыны мен көшкіндерден қорғауда ағаштың маңызы зор. Ал орманды заңсыз кесу – өзекті экологиялық проблеманың бірі.