Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

Маңғыстауда агроөнеркәсіптің дамуы бойынша кеңейтілген отырыс өтті

743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов өз сөзінде «Ауыл шаруашылық секторын дамыту ел үкіметінің алдымызға қойған негізгі тапсырмаларының бірі. Кезінде бабаларымыздың ата кәсібі болған егін және мал шаруашылығын жақсылап қолға алсақ, киелі Маңғыстау жерінде де мүмкіндік мол. Сондықтан бұл саланы дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс» деді.

Маңғыстауда  агроөнеркәсіптің  дамуы бойынша кеңейтілген отырыс өтті

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Тәжібаевтың мәліметінше, 2017-2018 жылдары облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды орындау барысында 572 шақырым сумен қамту, 786 шақырым газбен қамту және 595,8 км электр желілерінің құрылысы,     71 шақырымға жуық ауылішілік жол салынып пайдалануға берілді (2017-46,6 км, 16 ауыл, 2018-24,2 км, 9 ауыл). Нәтижесінде 5 ауыл немесе осы ауылдардың 60 мыңнан астам тұрғыны сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтылды. Қазіргі таңда ауылдардың электрмен қамтылуы – 100%, газбен қатылуы – 99,8%, орталықтандырылған ауыз сумен қатылуы – 69% қамтыды (2018 жылдың басына 64%, халық санына шаққанда - 85%). Ағымдағы жылы жалпы қуаты 418 шақырым болатын су желілері бойынша 20 жобаның құрылысы жүргізілуде. Осы жобаларды іске қосу арқылы жыл соңында ауылдарды ауыз сумен қамту көрсеткішін 75%-ке жеткізу жоспарланды (халық санына шаққанда - 93%).      

Маңғыстау облысы