Экономика • 30 Мамыр, 2019

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталын пайдаланудың тиімділігі

1337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) бақылау, реттеу және үйлестірудің тиімді жүйесін құру, экспорт-импорт операцияларын кедергісіз орындау үшін жағдай жасау елдің экономикалық өсімін және бәсекеге қабілетін арттыруға тікелей әсер етеді. Экспорт-импорт операциялары бойынша «Бірыңғай терезе» қағидатын іске асыру – осы мәселелерді шешуге арналған құралдардың бірі.

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталын пайдаланудың тиімділігі
Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) бірлесіп іске асыруда.

«Бірыңғай терезені» енгізудің негізінде СЭҚ қатысушыларына сол немесе өзге құжаттар мен рұқсаттар жинау үшін әр түрлі мекемелерге бару қажет болмайды. Кедендік рәсімдерді өту процестері тездетіледі және оңайлатылады, СЭҚ қатысушыларының  уақыт және құн шығындары азаяды.

Шешімдер қабылдау кезінде адам факторын болдырмау сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға, кедендік және өзге де мемлекеттік органдары әрекеттерінің айқындылығын арттыруға мүмкіндік береді. 

«Бірыңғай терезе» порталының көмегімен СЭҚ қатысушылары экспорттық-импорттық операциялар жасау үшін қажетті ақпаратты стандартталған түрде бірыңғай интерфейс арқылы ұсына алады. Сонымен бірге, портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын ала ақпаратты алу мүмкіндігін береді. «Бірыңғай терезе» арқылы экспорттық-импорттық операцияларға қажетті барлық рұқсат құжаттарды алу, орындалу мәртебесін, оның ішінде мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау есебінен бақылау мүмкіндігі ұсынылатын болады. Порталдың функционалына және оның негізгі элементтеріне мыналар кіреді: 

- Электронды рұқсат құжаттарын және лицензияларды алу;

- Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мәртебесін алу бойынша электронды қызмет көрсету; 

- Электронды кедендік декларациялау;

- Кедендік алдын ала шешімдерді беру бойынша электронды қызмет көрсету;

- Интеграцияланған кедендік тариф;

- Анықтамалықтар және құжаттар тізілімі;

- Нормативті-құқықтық құжаттаманы іздеу және қарау.

Ағымдағы жылдың 27 наурызында «Бірыңғай терезе» порталын пайдалануға енгізудің бірінші кезеңі жүзеге асырылған. 2019 жылдың аяғына дейін «Бірыңғай терезе» механизмін өнеркәсiптiк пайдалануға iске қосу жоспарланған. 

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталының жеке парағының мекен-жайы – www.eokno.gov.kz  (www.sw.gov.kz)

Порталдың жұмысына қатысты мәселелер бойынша https://t.me/eoknokz сілтемесі бойынша Telegram бұқаралық тобына хабарласуға болады.