Қазақстан • 31 Мамыр, 2019

Мұхтар Манкеев: Одақтас мемлекеттердің көшбасшысы

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада еуразиялық интеграция идеясының ширек ғасырлық және Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдық мерейтой­ла­рына орай Нұр-Сұлтан қала­сын­да халықаралық ауқым­ды­ басқосу өтті.

Мұхтар Манкеев: Одақтас мемлекеттердің көшбасшысы

Бұл жиын­да­­­ Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­­­тың стратегиялық сұңғыла­лы­ғын, қайраткерлік тұлғасын оған берілген «Жоғары Еу­ра­зия­лық экономикалық ке­ңес­тің Құрметті төрағасы» ата­ғы биік­тете түсті. Өйткені бұл­ – Қа­зақ­станның Тұңғыш Прези­ден­т­інің еуразиялық интеграция идеясының жүзеге асырылуына жұмсаған күш-жігерін Одаққа мүше мемлекеттер басшы­ла­рының жоғары бағалауы. Маған Беларусь Президенті Александр Лукашенконың білдірген пікірі қатты ұнады. Ол Елбасының осы күнге дейін жинаған бай тәжірибесі мен болашақты бағ­дар­лай білетін көрегендік қасие­тін Одақтың ортақ мүддесі үшін ба­рынша пайдалану керектігін айтты.

Н.Назарбаев аталған бас­қосу­­­да біраз ұтымды ұсы­ны­сын айтты. Мәселен, Одақ мем­лекеттері өзара тауар айналымын арттыру үшін өнеркәсіп салаларын жан-жақты дамы­ту керектігін атап өтті, сон­дай-ақ әлемде жү­ріп жатқан санк­ция­лар салдары­нан тиімді жол табу туралы біл­дірген пікі­рі де маңызды. Бұл жа­һан­дану процесінде ЕАЭО-ның дайындығын күшейтуде Ел­­басының рөлін айқындай түседі.


Мұхтар МАНКЕЕВ,

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы