Руханият • 30 Мамыр, 2019

Президент Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойды

1757 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын

мерекелеу туралы

2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбай­ұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және маз­­мұн­дық деңгейде мерекелеуді қамта­масыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағар­ту­шысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын (бұдан әрі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы) дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрсын;

2) 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей­тойын дайындау және өткізу жөнін­дегі жал­пы­республикалық жоспарды бекітсін;

3) Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

4) 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізсін;

5) Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару және халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

6) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйым­дастыру жөніндегі мәселені пысықтасын;

7) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті   Қ.Тоқаев


Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 30 мамыр №55