Тұрғындар дереу эвакуацияланды. Қазір оқиға орны оқшауланып, өрт сөндіру қызметінің мамандары арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр.
Ақпаратқа сәйкес, сағат 19:30-да Тараз қаласы «Қарасу 5» шағын ауданындағы №18 үйдің шатырында өрт шыққан. ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне 19:34-те қоңырау келіп түсті. Өртті сөндіруге 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің маманы жұмылдырылды. 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і бала. Кешкі сағат 20:50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, сағат 22:11 сөндірілді.
Аймақ басшыларының айтуынша, енді арнайы комиссия құрылып толық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл үй 2014 жылы жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен екен.