Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында айтты.
«Өмірде түрлі жағдайдар болады және мемлекет кейбір азаматтар санатында ипотекалық қарызды өтеуге көмектесуі қажет. Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қаражат есебінен 25 мың ипотекалық несие бойынша төлемақы беру қарастырылған», деді министр.
Олардың жалпы көлемі шамамен 140 млрд теңгені құраған және оның 48 млрд теңгесін мемлекет өтеген.