Аймақтар • 31 Мамыр, 2019

Кәріс азаматы қазақ баласының тұсауын кесті

1136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің бірлесе 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихқа тағылым – өткенге тағзым» атты іс-шарасын өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметі хабарлады.

Кәріс азаматы қазақ баласының тұсауын кесті

Шара барысында этномәдени бірлестік өкілдері мен Маңғыстау облысы ҚХА мүшелері және еліміздің әр қаласынан жиналған «Қазақстан кәрістер Қауымдастығы» мүшелері жас ұрпақ білуі тиіс есімі ел есінде сақталған қайраткерлердің бірі, қарапайым жұмысшыдан мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін көтерілген тұлға Жалау Мыңбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, Достық үйінде «Наследие Великой степи» и «Корейские мотивы» атты көрме өтті. Көрмеге «МартАрт» және тағы да басқа өнер студияларының көрнекті картиналары қойылды.

«Чосон» этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова көрмедегі өнер туындыларының мәні мен мағынасын таныстырды. Көрме барысында қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары бауырсақ пен шұбаты ұсынылды. Қонақтар керемет дастархан мен қонақжайлыққа риза болды, өз алғыстарын айтты.

«Қазақтану» жобасы аясында қазақтың салт-дәстүрінің бірі «Тұсаукесер» ұйымдастырылған болатын, құрметті қонақ «Қазақстан кәрістер Қауымдастығы» төрағасы Огай Сергей Геннадьевич 1 жасқа толған қазақ баласының тұсауын кесіп, тәй-тәй басқан бүлдіршінге ақ тілегін арнады.