- Жоба аясында мемлекеттік қызметшілердің жас отбасылары марапатталып, қоғамға мемлекеттік қызметте жүріп отбасын құрудың қиын еместігін насихаттап, қоғамға жеткізуді мақсат етіп отырмыз, - деді бұл туралы Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жадыра Иманғалиева.
Дерек бойынша, Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілерінің саны 7498 адамды құраса, олардың арасында жемісті жұмыс істеп, отбасында ұл-қыз тәрбиелеп отырған 332 әулет бар.