Аймақтар • 01 Маусым, 2019

Ақтауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

1321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы Жалау Мыңбаев ескерткішінің жанында саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алуға арналған жиын өтті.

Ақтауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, мемлекеттік мекеме басшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері,  жастар және жергілікті тұрғындар қатысты. Ресми деректер бойынша облыста 1929 жылдың басында 35 мың тұрғын, 1,5 миллиондай мал басы болған. Ал, 1939 жылдың соңында өлкемізде бар жоғы 26 мың адам, 25 мыңға жетер-жетпес мал қалған. Қаншама отбасылардың оты сөніп, аналар жесір, балалар жетім қалды. Сол кезеңдерде туған елінің еркіндігі жолында күрескен Жалау Мыңбаев, Тобанияз Әлниязұлы, Алшын Меңдалиев, Жөке Шабаев, Нұрсұлтан Оңғалбаев, Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы, Зұлқаш Баймырзаев сияқты тұлғалы азаматтарымыз тоталитарлық режимнің құрбаны болды.

-Тарихымызға өшпес із қалдырған бұл жылдардың көрінісін өткенімізге салауат, бүгінімізге қанағат ету үшін жадымыздан шығармауға тиіспіз. Елбасы Н.Назарбаев «Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз» деген болатын. Олардың бүгінде аты ақталып, есімдері мен ерліктері ұрпақтарының санасында мәңгілік жаңғырып, тарихта қалды. Осы жерде  арамызда сол зұлмат уақыттың куәгерлері де бар. Олардың тағдыры – ауыр тағдыр. Олар қиыншылыққа мойымай, ұрпағын аман-есен бостандыққа жеткізуге ат салысты. Сіздерге де алғысымыз бен ризашылығымыз шексіз, деді аймақ басшысы.