26 Сәуір, 2013

Тілге құрметтері шексіз

276 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тілге құрметтері шексіз

Жұма, 26 сәуір 2013 2:39

Баршаны бауырына басқан Қазақ елінің ыстық құшағы бүгінде Қазақстанды Отаным деп санайтын өзге ұлт өкілдерін бір үйдің баласындай ұйыстырып отыр. Дарқан көңіл қазақ жерінің кеңпейілділігіне ризашылықтарын олардың өздері де жиі айтып жүреді. Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары қазіргі таңда көп ұлтты еліміздің өсіп-өркендеуіне қосып жатқан үлестері молынан деп білемін.

Жұма, 26 сәуір 2013 2:39

Баршаны бауырына басқан Қазақ елінің ыстық құшағы бүгінде Қазақстанды Отаным деп санайтын өзге ұлт өкілдерін бір үйдің баласындай ұйыстырып отыр. Дарқан көңіл қазақ жерінің кеңпейілділігіне ризашылықтарын олардың өздері де жиі айтып жүреді. Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары қазіргі таңда көп ұлтты еліміздің өсіп-өркендеуіне қосып жатқан үлестері молынан деп білемін. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында құрылған аталған Ассамблея бүгінде елге қалтқысыз қызмет етіп келеді. Мұны кешегі өткен ҚХА-ның сессиясында сөз сөйлеген кезінде Елбасы да нақпа-нақ атап өтті. Татулық­тың бастауы іспетті бұл Ассамблеяның алдағы уақытта да атқарар қызметтері ауқымды екені даусыз.

1991 жылы Елбасының Жарлығымен ашылған Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де бүгінде түркітілдес елдер балаларына жоғары білім беріп, олардың қанаттануына барынша жағдай жасауда. Жалпы, университетте 29 мемлекеттен балалар келіп оқиды. Негізінен олардың көбі түркі дүниесінен. Ал тек заң факультетінде алты мамандық бойынша ұзын саны 320 студент білім алады десек, олардың 170-і шетелдік, 23-і құқықтану мамандығының студенттері. Атап айтқанда, Түркия, Ресей, Түркіменстан, Ауғанстан, Хакасия, Тыва сынды, өзге де мемлекеттерден келген жас­тар. Алдын ала дайындық курсынан өтетін олар мемлекеттік тілде еркін сөйлейді.

 Түркістан жері өзге ұлт өкілдеріне кенде емес. Қазақ тілінде өздерінің ана тілінен кем сөйлемейтіні олардың елге, жерге, тілге деген құрметі деп білеміз. Осындай ынтымағы ұйыған жерден жоғары білім алып кететін өзге тілді азаматтардың өз елдеріне барғанда тілге құрметтің қандай болатынын Қазақстанда, Түркістанда көрдік деп тамсана айтып жүретіндеріне сенімім кәміл.

 Балғабай НАҚЫПОВ,

 Қ.А.Ясауи атындағы халық­аралық қазақ-түрік уни­верситеті заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Оңтүстік Қазақстан облысы.