Аймақтар • 02 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстан әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлық жасады

1001 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күні аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Аружан мен Софьяның үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Солтүстік Қазақстан әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлық жасады

Аружан Хасетова қазақ мектеп-гимназиясында оқиды. Мұғалімдердің айтуынша, үлгерімі жақсы, тапсырылған іске жауапты. Күнделігінде тек төрт пен бес қана. Облыс әкімі білімге ұмтылған Аружанға мақтау айтып, сыйлық ұсынды.

«Аружан,  сені халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауға әдейі келдім. Сенің жақсы оқитыныңды білемін. Өз алдыңа үлкен мақсаттар қойып отырсың. Үлкен нәтижелерге қол жеткізесің деген сенімдемін»,  деді Құмар Іргебайұлы.

Өңір басшысы Софья Лукьянченконы да мейраммен құттықтады. Софья облыс әкіміне өзінің суреттері мен туындыларын көрсетті. Болашақта  ол дизайнер болғысы келеді.

«Софья, сен өзіңе нақты мақсат қойып отырсың. Ұмтылып жатсың, жарайсың. Ерекше балалардың мәдениет және спорт салаларында биік белестерді бағындырған мысалдары көп. Тіпті АҚШ президенті Франклин Рузвельт  ел басқарған. Сенің мақсатың айқын – дизайнер болу. Арманыңа жет», - деген әкім оған да тарту-таралғы жасады.

Облыс әкімі Аружан мен Софьяны заманауи оқушылар сарайын аралауға шақырды. Бұдан былай мүмкіндігі шектеулі балалармен жиі жүздесіп тұруға сөз берді.