27 Сәуір, 2013

Бәрімізді бейбітшілікке бөлеген

377 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бәрімізді бейбітшілікке бөлеген

Сенбі, 27 сәуір 2013 2:23

Мен көп балалы анамын. Жұбайым Жұпархан екеуіміз 7 бала тәрбиелеп өсіріп, ұлымызды  ұяға, қызымызды қияға қондырып, 14 немере-жиеннің қызығын көріп отырған жайымыз бар. Мұның бәрі – Қазақстанды мекен еткен этностардың татулығының арқасы. Бақтан қайда барасың деп сұрағанда ынтымаққа барамын деп жауап берген екен.  Іргесі мықты елдің түтіні түзу ұшады, ырысы ортаймайды, шаңырағы шайқалмайды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық сессиясынан осыны ұқтым. Елдігіміздің, мемлекеттілігіміздің беріктігі  тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен  жаны бір қазақстандықтардың  жарасты бірлігімен, жанкешті тірлігімен өлшенетінін   тағы бір айғақтап берді.

Өзгелер секілді мен де Елбасымыздың ұлт­аралық татулық мәселесіндегі шешімдері мен сындарлы қадамдарына  әркез тәнтімін.  ҚХА-ның ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде айтылған ұсыныстар  қалың жұртшылық тарапынан қызу қолдау табары сөзсіз. «Татулық пен  тұрақтылық  ел иесі ретінде  ең алдымен қазаққа керек.  Қазақтың ынтымағы мен бірлігі  мықты болмайынша,  мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес», деген  салиқалы ойларын өз ағайындарымыз есте ұстағандары абзал.

«Басқа елде  сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол» деген сөздің, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай  тыныштықтың, ортақ түсіністіктің қадір-қасиетін ата-баба қонысына көшіп келгеннен кейін түсіндім десем, асыра айтпағаным болар. Өзгелер секілді біз де  Қазақстанның  тәуелсіздігін асыға күттік.  Өз алдына мемлекет болғаннан кейін  қалған  ғұмырымызды туған елдің желмен жарыса желбіреген Көк байрағының астында өткізуді жөн көрдік.  Алдымен  шаңырақтың кенжесі Жарқын көшіп келді. Оның  соңынан тайлы-тұяғымызбен басқаларымыз ілестік. Атамекеніміз құшағын жая қарсы алды. Сырттан келген  ағайындарға арнап салған Бәйтерек ауылынан  баспана берілді.

Қазақстанның азаматтығын алғанда қуа­ны­шы­мызда шек болмады. Жарқыным үйленіп, жеке отау етіп шығардық. Қазақстанда туған алғашқы немереме ырымдап Сұлтан есімін қойдық. Ешкімге салмақ салған жоқпыз. Мал-құс ұстаймыз. Ісмерлікпен, қолөнермен айналысамыз. Мұны тәптіштей айтып отырғаным, Президентіміз  жер-дүниеге тарыдай шашылған ағайынның басын қосу мақсатымен арнайы бағдарлама қабылдамаса, осындай ұлы арманымыз  орындалар ма еді? Шүбәлімін. «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» деген. Жат жерде көп жүріп, туған Отанмен жылап қауышқан біз үшін бейбіт өмір айрықша қымбат, өте қастерлі.  Халқымыздың сүттей ұйып, дәулетінің тасып отырғаны – ұлттық кемел саясаттың арқасы.

Бір шаңырақ астында  бірлік-берекеміз жарасып, бір ауыл-бір қауым болып өмір сүргенге  ештеңе жетпейді!

Уәзира ШҰҒАЙЫП,

көп балалы ана,

 «Алтын алқа» иегері.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Қызылжар ауданы,

Бәйтерек ауылы.