Аймақтар • 03 Маусым, 2019

Маңғыстауда ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

858 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Маңғыстауда ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты басшысының, «RTF-19» қоғамдық бірлестігі директорының есебі тыңдалып,

Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жаңаөзен қаласы жұмыспен қамту орталығының қызметтеріне жүргізілген инспекторлық бақылаудың нәтижелерін талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобы тарапынан Жаңаөзен қаласының әкіміне нақты ұсыныстар жолданды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша, Жаңаөзен қаласы аумағында азаматтарды тіркеуде кездесетін кедергілерге сәйкес нақты ұсыныстар,ақпараттық жүйелермен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының арасында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына хабарлау бойынша, «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, «Open Space» форматында қызметкерлерді орналастыру үшін пластик жабдықпен жасақталған қызметкерлер бөлмесінің сыртындағы жапсырмаларды алып тастау бойынша, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша баннерлерді ақпараттық тақталарға орналастыру жөнінде, «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің қызметтік бөлмесінде 8 қызметкердің отыруы және техникалық құралдардың (принтер) еденде орналасуы, тұрғындарды қабылдау кезінде ыңғайсыздық тудыруына байланысты, қызметкерлерді орналастыру бойынша шара қолдану, сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдермен ведомстволық бағынысты мекемелердің арасында сыбайлас жемқорлық және сапалы қызмет көрсету мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын күшейту, қоғамдық мониторингті өткізуге жеңімпаз атанған ұйымға «жасырын сатып алушы» әдісін қолданып қоғамдық бақылау жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар жолданды.

Үшінші мәселе бойынша, «RTF-19» қоғамдық бірлестігі директорының есебі тыңдалып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілетін қоғамдық мониторинг нәтижелерінің сапасына назар аударылу, Ақтау қаласы бойынша «Қолдау Қазақстан» көп салалы үкіметтік емес холдингі жеке меншік мекемесінің жүргізген қоғамдық мониторинг тәжірибесін қолдану ұсынылды.


Маңғыстау облысы