Аймақтар • 03 Маусым, 2019

Департамент көшпелі бақылау жүргізді

873 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жаңаөзен қаласындағы іссапар аясында бірнеше мекемелердің қызметіне көшпелі бақылау жүргізді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент көшпелі бақылау жүргізді

Атап айтқанда, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының, қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Жаңаөзен қалалық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің қызметіне бақылау жүргізіп, қызмет алушы тұрғындарды жеке қабылдады.  

Бақылау барысында, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша құжаттар рәсімдеу барысындағы процесстері, оның ішінде қажетті құжаттар тізбесі, кезектілік жағдайы тағы басқа қызмет көрсету сапасы мәселелеріне көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, орталық қызметкерлерімен және қызмет алу үшін келген азаматтармен тілдесіп, пікір алмасты. Бақылау нәтижесімен, Департамент басшысы тарапынан орталықтағы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышындағы екі компьютерге азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау бағытында принтер қондыру, көрнекті жерлерге «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасы, қызмет көрсету сапасына шағымдану құқықтары мен департаменттің мекенжайы туралы мәліметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат материалдарының ілінуі ұсынылды. Сондай-ақ азаматтарға департаменттің шұғыл байланыс телефон көшірмелері бойынша визиткалар таратылды.

Сондай-ақ бақылау Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жалғасты. 

Бақылау барысында, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша құжаттар рәсімдеу барысындағы процесстері, оның ішінде қажетті құжаттар тізбесі, кезектілік жағдайы тағы басқа қызмет көрсету сапасы мәселелеріне көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, департамент басшысы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жүгінген бірнеше азаматты қабылдады.

Қабылдау кезінде тұрғындар бірнеше ай төңірегінде «Е-халық» ақпараттық жүйесіне өздерінің мәліметтерін енгізуде туындайтын мәселелерді және тұрмыстық жағдайлары бойынша көмек сұрады.

Департамент басшысы мен тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстар жинақталып, құзырлы органдарға жолданатын болады. Атап айтқанда, Бөлім ғимаратында бұрын департаментпен жолданған яғни, көрнекті жерлерде орналасқан «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасы, қызмет көрсету сапасын шағымдану құқықтары мен департаменттің мекенжайы туралы мәліметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат материалдарының ілінуі, бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптарын арттыру, қызметтік бөлмелердің тең бөлінуі және тұрғындарға кедергісіз қызмет көрсету ұсынылды.

Сонымен қатар, бақылаушылар бөліммен қазіргі кезде тұрғындардың мәліметтерін «Е-халық» ақпараттық жүйесіне енгізу кезінде ақпараттық жүйелердегі ақауларға, бір қызметтік бөлмеде 8 қызметкердің отыруына, олардың жұмыс істеуіне деген жағдайдың төмендігіне, тіпті принтерлердің еденде орналасу көрінісіне еріксіз куә болды.

Жоғарыда аталған кемшіліктер бойынша, департамент тарапынан Жаңаөзен қаласы әкімінің атына тұрғындарға қолжетімді анық ақпарат ұсынуды, «Е-халық» ақпараттық жүйесіндегі ақауларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдауды, қызмет бөлмелерінің тиімді бөлінуі, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және техникалық құралдардың ұқыпты пайдаланылуы туралы ұсыныс жолданатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Жаңаөзен қалалық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің қызметіне жүргізілген көшпелі бақылау кезінде қызмет алушы халықпен тілдесіп, қызмет көрсету сапасына қатысты ой-пікірлері тыңдалды.

Қарау барысында ХҚКБ тарапынан кейбір мәселелерге назар аудару қажеттігі анықталғандығына байланысты, ХҚКБ ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, бұрын департаментпен жолданып орналасқан көрнекті жерлердегі «Цифрлық агент» мобильді қосымшасы, қызмет көрсету сапасын шағымдану құқықтары мен департаменттің мекенжайы туралы мәліметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат материалдары алынып тасталғандығы себепті, қайта жаңартып орналастыру және «қолдан жасалған» пернетақтасы бар анықтама алу терминалының (ПОД) техникалық жағдайын жақсарту ұсынылды.

Сондай-ақ қоғам белсендісі, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Руслан Ғайбатовпен кездесіп, кедергісіз қызмет алу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іссапар аясында аумақтық департамент қызметкерлерімен Жаңаөзен қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметіне де көшпелі бақылау жүргізілді.        

Сонымен бірге, бақылаушылар электронды кезектіліктің, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен регламенттерінің көрнекі жерлерде орналасуына, тұрғындармен өз-өзіне қызмет көрсету кабинеті арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына көз жеткізді.
Бақылау нәтижесімен, басқарма жұмысына оң баға беріліп, алдағы уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді барынша электронды түрде көрсетуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және анық ақпараттармен қамтамасыз ету ұсынылды.

Бақылау емханаға келушілерге қолайлы жағдайлардың жасалуынан бастау алып, тұрғындардың қызмет алуы кезінде терминал арқылы талонмен кезектілікте тұрып дәрігерге қаралуы, «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасы, қызмет көрсету сапасына шағымдану құқықтары мен департаменттің мекенжайы туралы мәліметтер қамтылды.

Бақылау нәтижесімен, емхана персоналына анық ақпараттар ұсына отырып, кедергісіз қызмет көрсету ұсынылды.