Халықтық Ассамблея
Сейсенбі, 30 сәуір 2013 2:23
Менің «Қазақ тілі» қоғамында жүргеніме 23 жыл, ҚХА-да жүргеніме 18 жыл болды. Ассамблеяға еліміздің шығыс өңірінен келдім. Бүгінде тыныштықты күзеткен Қазақ елі өзінің теңдігін де, кеңдігін де, тірлігін де, бірлігін де осы 20 жылдың ішінде көрсетіп келеді. ҚХА Президенттің конституциялық кеңесшісі болып саналады. Ол жай ғана кеңесші емес, рухани кеңесші. Біздің ендігі мақсатымыз – ұлттың мүддесін ғана қозғамауымыз керек. Халықтың мүддесін, мемлекеттің мүддесін көздейтін кезеңге жеткен секілдіміз.

Біздің Қазақстан аяғынан тік тұрды. Әлем сахнасында өз орнын белгіледі. Сондықтан, тек өзіміздің тірлігімізді жасамай, елдігімізді жасайтын, кеңдігімізді жасайтын кезең келді. Демек, елімізді мекендейтін әрбір этнос өкілдері Қазақстанның экономикасының дамуына, елдің өркендеуіне, мүддесін қорғауға атсалысуы керек. Тек өз ұлтының өкілдерін ғана ойламай, алдымен елдің жайын назарда ұстауы керек. Егер, Қазақстан халқы Ассамблеясы көп этнос өкілдерін қорғайтын кепілге айналса, сол ұлт өкілдері мемлекетті қорғайтын кепілге айналуы керек.
Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясына халықтық Ассамблея деген баға берілуде. Ол халықтық болуға тиісті. Себебі, халық, ел, мемлекет – бір. Біз Тіл комитетімен бірге шығыс өңірінде «Бір ел, бір Отан, бір Қазақстан» деген акция өткізген болатынбыз. Бұл акция өзге ұлт өкілдерінің ішінде қазақ тілін білетін жастар арасында өткізілді. Сондай жастарды «Қазақ тілі» қоғамына мүшелікке қабылдап, қазір олар қазаққа да, орысқа да мемлекеттік тілді насихаттауда нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Былтырғы жылы өткен сессияда Михаил Глазилин деген бала қазақтың қырық күйін шерткен. Ондай күйлерді қазақтың өзі шерте алмайды. Міне, біздің елімізде қазақтың өзіне үлгі болып отырған осындай этнос өкілдері бар.
Ассамблеяның 20-сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық –бір ел – бір тағдыр» деген тақырыпта өткізілді. Бұл нені көрсетеді? Бұл дегеніміз біздің тағдырымыз, Отанымыз бір дегенді білдіреді. Демек, ендігі кезекте біздің алдымызда тұрған басты мақсат – Қазақстанның экономикасы мен рухани саласын дамытып, бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, Елбасының стратегиялық бағытын ілгерілету.
Орал ШӘРІПБАЕВ,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
(шығыс және солтүстік өңірі бойынша)
вице-президенті, Қазақстан халқы
Ассамблеясының мүшесі.