Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Азаматтардың еңбек құқығы сақталуы тиіс

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жұмыс сапары кеше Атырау облысында жал­ғасты. Өңірге келген бетте Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды.

Азаматтардың еңбек құқығы сақталуы тиіс

Қазақстан Президенті «Болашақ» зауытының өндірістік нысандарын тікұшақпен аралап көрді.

Мемлекет басшысына мұ­най-газ саласының ахуалы мен оны дамыту перспектива­лары жөнінде баяндалды. Соны­мен қатар Қасым-Жомарт Кемел­ұлына мұнай өңдеудің және тұрақтандырудың, сұйытылған газды мұнайдан ажыратып алу мен тазалаудың, табиғи күкіртті өндірудің және оны сақтау мен тасымалдаудың технологиялық үдерістері таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өн­діріс орнының Атырау қала­сынан алыс емесін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлуге шақырды. Сонымен қатар Мем­лекет басшысы Қазақстан аза­­мат­тарының еңбек құқы­ғын сақ­тау­дың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан Президенті кәсіп­орын ұжымын тәулігіне 370 мың бар­рель мұнай өңдеп, рекорд жа­ңар­­туы­мен құттықтады және мұ­най­шы­ларға табыс, бақ-береке тіледі. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев одан кейін АРЕС PetroTechnic жоғары колледжі­не барды. Мемлекет басшысы колледждің оқу корпусын, лабораторияларын, шеберханаларын, кітапханасы мен жатақханасын аралап көрді.

Қазақстан Президентіне халық­­­аралық стандарттар мен әлем­дік озық тәжірибені, сон­дай-ақ шетелдік және отандық мұ­най-газ компаниялары­­ның талап­­­тарын ескере отырып әзір­лен­­ген инновациялық білім бағ­­дар­ламаларын пайдалану APEC PetroTechnic колледжінің басты ерекшелігі екені баяндалды. 

Тәжірибеге негізделген оқыту барысында шынайы өндірістік үдерістер жасалады. Соның арқа­сын­да түлектер колледж бітірген соң, бірден өндірістегі күрделі мін­дет­терді табысты атқара алады.

Студенттермен және оқыту­шылар ұжымымен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ірі халықаралық мұнай-газ компаниялары үшін мамандар­ды шет­­ел­дерде емес, Қазақстан­да даяр­­лаудың маңыздылығын айтты. Оның пікірінше, бұл үшін колледжде барлық жағдай жасалған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге жұмыс сапары бүгін жалғасады.

 

Атырау облысы