Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Квадроцикл теңіз жағасын күзетеді

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теңіз жағалауы – көпшілік орын. Серуендеген тұрғындар мен қала қонақтары теңіз жағалауын әсіресе жаз мезгілінде босатпайды. Бұл қоғамдық тәртіпті қадағалауды күшейтуді қажет етеді. Оның үстіне теңіз жағалауындағы сәулеттік нысандарға қаскөйлер тарапынан жасалатын вандалдық шабуылдардың орын алмай тұрмайтыны тағы бар.

Квадроцикл теңіз жағасын күзетеді

Ақтау қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жаға­­лау­ды патрульдеуге ква­дро­цикл­дермен және электро­мобильдер­мен кіріскен. Олар «Кас­пий» ста­­ционарлық па­трульдік бекеті 4-шағын аудан­нан 15-шағын аудандағы «Самал» тұрғын алабына дейінгі жаға­лау аймағын тәу­лік бойы патрульдеуді қам­тамасыз етеді. 7:5 ква­дроцикл және 2 электромобиль көліктерімен жыл бойы полиция ызметкерлері екі адамнан ауы­сыммен жұмыс істейді.

Кез келген құқық бұзу­шылық рация арқылы беріледі және патруль шақыру орнына электрокармен немесе квадроциклмен барады. Бекетте жедел басқару орталығы бар. Осыдан бүкіл жағалау аймағы кө­рінеді. Бейнебақылау жүйесі 4 шақырым радиуста жағалау ай­мағын ба­қылайды. 16 камера Каспийдің жа­ғасында болып жатқан жағ­дайдың барлығын түсіреді. 36 есе үлкейту функ­ция­­сы арқылы құқық бұ­зушының бетін түсі­ріп, полицей­лерге адамның кінә­сін дәлелдеуге көмектеседі. Бейне­жаз­ба бір ай ішінде компьютер жадында сақталады.

Осылайша, полицейлер қо­ғамдық тәртіпті сақтауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етеді.

 

Маңғыстау облысы