Руханият • 04 Маусым, 2019

«Әбіш оқулары» талантты жастарды танытты

1801 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әбіш шығармаларына мектеп оқушыларының да қызы­ғушылығы жоғары. Жазушының тарихтың тылсым сырына сүңгітіп, көрікті тілімен баурайтын көркем шығармаларына ден қойған жастар Әбіш шығармаларын бірі мәнерлеп оқуға ын­талы болса, екіншісі шығарма астарына үңіліп, одан мән мен сыр іздеп, оны қылқаламмен бейнелеуге құштар.

«Әбіш оқулары» талантты жастарды танытты

Ақтау қаласында халық жазушысы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қо­ғам қайраткері Әбіш Кекілбай­ұлы­ның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында талантты оқу­­шылар арасында өткен ІІ рес­публикалық Әбіш оқу­ла­ры байқауы осыны аңғарт­ты.

Ә.Кекілбайұлының жұ­байы Клара Жұмабайқызы және­ замандастары, ардагер ұстаз­дар қатысқан ашылу салтанатынан соң төрт ба­ғыттан тұратын байқау бас­талды.

Маңғыстау, Ақтөбе, Ба­­тыс Қазақстан, Шығыс Қазақ­стан, Алматы, Жамбыл, Қос­танай об­лыс­тарынан, сон­дай-ақ Нұр-Сұлтан қала­сынан 100-ге тарта оқушы қатысқан бай­қаудың сахна­лық қойылым ба­ғытына 12­ топ, мәнерлеп оқу ба­ғы­ты­­на 13 оқушы, ғылыми жо­баға 14 оқушы қатысса, ил­­люстрациялық суреттің үй тапсырмасы бөліміне жұ­мы­старын ұсынған 13 қаты­сушы тақырыптар бойын­ша сурет салды. Байқау барысында жазушының «Те­ңіз жа­ғасындағы ой», «Әке», «Ар­хеолог», «Үркер», «Махаб­­бат мұнарасы», «Шыңы­рау», «Абылай хан», «Көлденең көк атты», «Ханша дария хикаясы» атты тарихи оқиғаға то­лы, адамгершілікке, өш­пес құндылықтарға баулитын кесек туындыларынан сах­­налық қойылым қойылып, оқу­шылар қаламгердің про­за­сы мен поэзиясын мәнер­леп оқыды. Сон­дай-ақ Ә.Кекіл­байұлының шы­ғар­малары оқушы танымында жан-жақты зерделеніп, зерттеу нысанына айналумен қатар, шығармаға арқау бол­ған тақырыптар бала қия­­­­лында, бала қаламында ил­люс­тра­ция­лық суреттер арқылы бей­не­ленді.

Байқау қорытындысында Клара Жұмабайқызы, Маң­ғыс­тау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев байқау жеңімпаздарын Қа­зақ­стан Республикасы Бі­лім және ғы­лым ми­нистр­­лі­гі «Дарын» рес­пуб­­ли­ка­­лық ғылыми-прак­ти­ка­лық ор­та­лығының дип­лом­да­ры­мен, ар­найы сый­лық­та­ры­мен ма­ра­паттады.

Төрт бағыт бойынша же­ке­­леген жүлдегерлермен бір­­­­ге, жеңімпаз топтар да­­ анық­тал­ды. Алдыңғы орын­­­­ды Маң­­­­ғыстау облы­сы, екін­ші орынды Абай атын­­­да­ғы рес­­­публикалық маман­дан­­­ды­рылған дарынды бала­ларға арналған мектеп-интернаты, үшінші орынды Ақтау қала­сындағы Назар­баев зияткерлік мектебі оқушы­лары иеленді.

 Марапаттан соң байқау қатысушылары, жетекшілері және қазылар алқасы қара сөздің сұңғыла сүлейі, әде­биет әлемінің абызы, маңғаз Маң­ғыс­таудың марғас­қасы, зама­ны­мыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туған жері Онды ауылына, Отпан тау тарихи-мәдени кешеніне саяхаттады.

 

Маңғыстау облысы