Қоғам • 04 Маусым, 2019

Райымбек ауданында көпбалалы 18 отбасы баспаналы болды

854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының мецанттары көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған әулеттерді баспанамен қамтуды ізгі дәстүрге айналдырғаны жайлы жиі жазылып жүр. Бүгінде қалталы азаматтар тұрғын үй мұқтаждығын көріп жүрген тоқсанға жуық отбасына қоныс тойлауға мүмкіндік берді.

Райымбек ауданында  көпбалалы 18 отбасы баспаналы болды

Жақында Райымбек ауданында да бірден  көпбалалы 18отбасы баспаналы болды. Аймақтың іскер азаматтары тізе қосып, 30 млн теңге шамасында қаражат жинап, оған 18 мұқтаж отбасына үй сатып алып берді.

Жалпы, Райымбек ауданында 829 көпбалалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұрады екен. Оның ішінде 423 әулет әлеуметтік көмекке мұқтаж.  Ал кәсіпкерлер көмегімен олардың саны азайды. Бұл игі іс жалғаса бермек.