Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Жетісу дәрігерлері екінші қабаттан құлаған бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды

1327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін Талдықорған қаласындағы №19 мектептің шағын орталығында оқыс оқиға болып, 2 жастағы бүлдіршін жоғарғы қабаттан құлап кеткен еді. Ауыр жарақат алып, ауруханаға жедел жеткізілген Арунаның өмірі үшін жетісулық дәрігерлер айға жуық күресті.

Жетісу дәрігерлері екінші қабаттан құлаған бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды

Ал бүгінгі күннің арайлы таңын Аруна өз үйінде қарсы алды. Кеше жағдайы оңалып, қауіптің беті сейілген баланы дәргерлер ауруханадан шығарып, ата-анасының қарауына берді.

- Аруна өзі  кішкентай болғанымен қайсар екен. Өмір үшін күресіп, ажалды жеңді. Біз оған тек көмектестік. Дәрігерлер үнемі соңғы мүмкіндіке дейін әрекет етіп, баланың аман алып қалуға жұмылды. Енді бәрі артта қалды деп ойламын. Бұл – біздің жеңісіміз. Бүлдіршін толықтай жазылып кеткенше арнайы дәрігердің бақылауында болады, - дейді Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының реаниматолог-анестезилог дәрігері Әлиакбар Бекұлы.

Алматы облысы