Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Маңғыстауда 223 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдауға дайын

820 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Аманат» азаматтық платформасының облыстық штаб жетекшісі Ғалия Жалғасбай мәлімдеді.

Маңғыстауда 223 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдауға дайын

«Аманат» азаматтық платформасының басты міндеті – 9 маусым күні өтетін президенттік сайлауға мониторинг жүргізу. Осы мақсатта, арнайы байқаушылардың қатары жасақталып, олар занды тұрғыда білімдерін жетілдірді.

Жалпы облыста сайлау кезінде бақылау жүргізетін кәсіби байқаушылардың 223 құрамы бар. Олардың 40 пайызын жастар, 60 пайызын орта буын өкілдері құрап отыр. Тәуелсіз бақылаушылардың жүйесі облыста алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан ауқымы да кең. Сондай-ақ мобильдік капитандар мен байқаушы топтарды оқыту облыс көлемінде жүзеге асып, штаб өкілдері ауыл-аудандарды аралап бірнеше рет кездесу өткізді. Қазіргі уақытта сайлау учаскелері мүшелерінің тең жартысы жаңарған. Сайлау комиссияларының құрамы дауыс берушілердің санына қарай 5-тен 11 адамға дейін көбейеді, ал аманаттықтар ешбір кандидатқа жақтас бола алмайды. 

- Тұжырымдамаға сәйкес тәуелсіз бақылаушылар жүйесін құру үшін оларды оқытумен айналысатын он мобильдік капитан дайындалды. Олар аудан-ауылдарды аралап, шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісуде. Қазіргі уақытта бір облыстық, жеті аумақтық сайлау комиссияларының құрамына біріккен 223 учаскі саяси науқанға толықтай дайын, - деді «Аманат» азаматтық платформасының облыстық штаб жетекшісі Ғалия Жалғасбай.

Айта кетейік, «Аманат» азаматтық платформасының 7 адамнан тұратын штабы өңірде жұмысын бастаған болатын. Олар барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін бақылаушыларды даярлаумен айналысады. Кандидаттардың қызметтерінің әртүрлілігіне қарамастан, тең деңгейде бір таңдау жасауды мониторинг жүзеге асырады. Сонымен қатар, әрбір азамат өзі таңдаған президентіне жеке аманатын тапсырады.


Маңғыстау облысы







Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50