Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Петропавл саяжайлары жол мен жарыққа мұқтаж

833 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығы маңайында орналасқан 136 саяжай серіктестігі 2847 гектар аумақты алып жатыр.

Петропавл саяжайлары жол мен жарыққа мұқтаж

Алайда, 47 мың саяжай учаскесін біріктіретін аумақта иесіз, күтімсіз қалған жер телімдері аз емес. Бәрінен де  демалыс күндері 20 мың адамға дейін баратын ол жақтарда жол мен жарық жайы қанағаттандыра бермейді.

 Облыс әкімдігінің отырысында саяжайларды дамыту мәселесі талқыланып, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қордаланып қалған мәселелерді шешуді қала әкімдігіне тапсырды. 

Ең бірінші, күзетті күшейту керек. Тұрғындардың ала жаз бойы маңдай термен өсірген ризығын ұрлап, жемісін өзгелер көретіні жайлы шағымдар жиі түседі. Сондықтан саяжайларды қарауылдайтын екі ат полициясы мен автопатруль  жеткіліксіз. Полиция департаментінің басшылығына күзетті 3 есе көбейтуді тапсырамын», деді Құмар Іргебайұлы.

Қазір саяжайлардың 30 процентінде су жоқ. Үштен бірі электр желісіне тіркелмеген. Биыл 1200 учаскені электр қуатына қосуды міндеттеймін, деген облыс әкімі саяжайларда өскен өнімді 9 базарда сатуды ұйымдастыруды, ол үшін 300 орын дайындауды тапсырды.

Солтүстік Қазақстан облысы