Аймақтар • 05 Маусым, 2019

Су басқан пенжімдіктерге көмек көрсетілді

891 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн райының қысқа күнде қырық құбылып, жауын-шашын мөлшерінің көп түсуі табиғат апатына себеп болуда. 3 маусым күні Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Пенжім ауылы жаңбыр­дан кейінгі селдің астында қалды.

Су басқан пенжімдіктерге көмек көрсетілді

Алдын ала есептеу бо­йынша Пенжімдегі 270 үйдің ауласын су басып, ауыл көшелерін­дегі қозғалыс қиындаған. Қазір оқи­ға орнында арнайы комис­сия жұ­мыс істеуде. Ал төтенше жағ­­дай туралы хабар жария бо­­лы­сымен, ауыл­ға арна­йы топ жіберілген. Төтенше жағ­­дай­­­лар бас­қармасы мен «Қаз­сел­­денқорғау» мекемесінің ар­­найы жасағы және әскери қыз­­мет­­кер­­лерден құралған 200 адам қы­рық шақты техникамен жа­йыл­ғ­ан суды сорып, көше­дегі қа­ты­­насты қалпына кел­тір­ген. Ауылдың су шайған көше­леріне құм төсе­ліп, көліктер жү­ре­тін жолдар жа­сал­ды. Сел тас­қынынан тұр­ғын үйлер мен адамдар зардап шеккен жоқ. 

– 3 маусым күні Пенжім ауыл­дық округінде тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейін сел жүріп, 270 үй­дің ауласына су жайылды. Тұр­­­ғын үйлерге қауіп төнген жоқ, адамдар дін аман, мал басы т­ү­­гел. Қазір ар­найы комиссия әр үйді тексеріп, материал­дық шы­­­ғын­­­дарды анықтауға кірісті. Ауыл тұр­ғындарына қажет­ті кө­мек көр­­сетілуде. Жер­гі­лікті кә­сіп­­к­ер­­лер отбасылар­ға азық-түлік та­ра­тып, ыстық тамақпен қам­та­­ма­­сыз етуді қолға алды. Ауыл­­да жа­рық, су тарату жүйесі қалып­­ты жұмыс істеп тұр, – деді бізге Пан­филов ауданы­ның әкімі Темірлан Бектасов.

Жалпы, Панфилов ауданында сел жүру қаупі соңғы он жылдан бері тіркелмеген екен. Ал Пенжім ауылының тұрғындары дәл мұндай сел тасқыны 1990 жылы болғанын айтады.