Фото: gov.kz
«Сарапшылар әлем экономикасының өсімі баяулап, халықаралық сауда қарқыны әлсірейді деген болжам жасап жатыр. Дамушы елдерге салынатын жаһандық инвестиция көлемі азайып барады. Қаржы саласы тоқырауға ұшырауы мүмкін.
Бүгінде көптеген ел өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп жатыр. Мемлекеттер арасында өзара тарифтік шектеу қою үрдісі белең алды. Жаһандану үдерісі кері сипат ала бастады. Мұның бәрі әлемдегі геосаяси ахуалды өзгертіп жатыр. Бірақ негізгі әрі шешуші оқиғалар әлі алда.
Дүние жүзінде мүлде жаңа үдерістер пайда болып келеді. Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін біз осы өзгерістерге экономикалық және саяси тұрғыдан бейімделуіміз қажет. Бұл – аса маңызды міндеттің бірі», деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы тәсілдер қазір тиімсіз болып қалғанына назар аударып, озық мемлекеттер әлем экономикасын дамытудың жаңа үлгісін әзірлеуге кірісіп кеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан да бұл үрдістен шет қалмауы тиіс екенін жеткізді.
Тоқаев: Адвокаттардың ұсынысымен Ата заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды
«Ұлт мүддесін қорғау үшін экономиканы нығайтуға және дамытуға арналған нақты жоспар болуға тиіс. Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Біздің миссиямыз – айқын: экономикалық өсім жоғары сапаға ие болуы керек, яғни, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға тиіс. Басқаша айтсақ, ішкі жалпы өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да көбеюі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт»: Президент еліміз үшін маңызды қағидатты атады