Аймақтар • 05 Маусым, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу кезеңі басталды

837 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңінің басталуына орай әскери қызметшілер толық құрамда салтанатты сапқа тұрды. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен хабарлады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу кезеңі басталды

Әскери қызметшілер алдында алдымыздағы оқу кезеңінде жауынгерлік даярлықтың деңгейін арттыру жөніндегі міндеттер тұр және бөлімшелерді шоғырланудың аяқтау кезеңінде әртүрлі тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.

Бұдан өзге, жазғы оқу кезеңінде өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері «АрХО-2019» Халықаралық армиялық ойындарының 7 конкурсында қатысып, бақтарын сынамақ.