Аймақтар • 06 Маусым, 2019

Апаттан абай болыңыз

1028 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы жаз маусымы басталғалы бері Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 5,6 га болатын 2 орман өрті және қураған шөп пен ағаштардың 107 жануы тіркелген. Бұл жөнінде жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков хабарлады.

Апаттан абай болыңыз

– Рейдтер жағажайларда, орманда, саяжай қауым­дас­­тықтарында, демалыс аймақ­та­рында өткізіледі. Болған өртті сөндіріп, үлкен шығынға бат­қанша, оның алдын алған оңай әрі арзанға түседі. Кең ауқымды үгіт-наси­хат жұмыс­та­рын жүргіземіз, – дейді Нұр­лан Сейдаханұлы.

Осын­дай рейдтің бірінде Орал қалалық ТЖБ қызмет­кері, азаматтық құтқару сал­а­­­сының аға лейте­н­ан­ты Бақтияр Қатшеков Карьер су қойма­сында аза­матша А.Губаева­ның бөбегін ажалдан құтқарып қалды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар де­пар­таменті «Жедел құтқару жа­са­ғы» күштері терең суға кетіп қала жаздаған, 2009 жылы туған А.Айткешеваны аман алып шыққан. 

Облыс бойынша табиғи өрттер мен жанудың алдын алу және сөндіру үшін 2759 адамнан тұратын ерікті өртке қарсы 150 топ құрылған. Елді мекендерді 126 су тасығыш, 367 трактор, 366 бейімделген техника, 1758 аспалы өрт сөндіргіш, 119 мотопомпа және 1648 басқа да бастапқы құралдармен қаруланған жа­сақ­­тар қорғайды.

Қазіргі заң талаптары бойынша қоқысты өртеу – әкім­ші­лік құқық бұзушылық болып саналады. Жер­гі­лік­ті по­ли­ция басқармасы мен тө­тен­­шеліктер заңсыз от жақ­қан, қоқыс өртеген 93 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 336-бабы бойынша хаттама толтырып, 4 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 367-бабы бойынша 47 975 теңге сомаға айып­пұл салып­ты.

Тілсіз жаумен бетпе-бет келіп, тіршілік иесін құт­қар­­ған төтеншеліктердің ерлі­гі қоғам назарынан тыс қал­ма­ған. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынба­са­ры Ғабидолла Оспанқұлов Бақ­ти­яр Қатшековке алғыс хат табыс етті.

Батыс Қазақстан облысында жасыл желек – орман тапшы. «Облыстағы орман және жануарлар дүние­сін қорғау жөніндегі 8 мем­ле­кет­тік мекемеде орман-өрт стансалары ашылды. Олар өрт қаупі кезеңінің басы­нан соңына дейін қызмет етеді», дейді Батыс Қазақ­стан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Махам­бет Ихсанғали.

Өңірдегі орман шаруа­шы­лығы мекемелері мем­ле­­кет­тік орман қорының сани­тар­лық жағдайын жақ­сар­ту мақсатында жыл сайын қура­ған ағаштарды сани­тар­лық кесу шараларын жүргізеді. 2018 жылы 446 га аумақтың 6000 м3 қураған ағашы кесіл­се, биыл жыл басынан бері 170,4 га аумақ 1505 м3 қу ағаш­тан тазар­тылған.

 

Батыс Қазақстан облысы