Руханият • 06 Маусым, 2019

«Абай» сахна жұлдыздарын жинады

984 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкенттегі Өзбек ұлттық академиялық драма театрының ұжымы көрермендер назарына қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаев туралы спектакльдің премьерасын ұсынды.

«Абай» сахна жұлдыздарын жинады

Биылғы Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай қойылған бұл сахна туын­дысы­на шы­ғар­машылық саласындағы бір­қатар танымал тұлғалар қатысты. Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің осы аттас туындысын жазушы, Өзбекстан өнеріне еңбек сіңірген қай­раткер Насыр Фазылов тәр­жімалаған болатын. Ал қойылымның жаңа заманауи редакциясын белгілі публицист Ахмаджон Ме­либаев дайындаған. Ре­жиссері – Өзбекстанға ең­бек сіңірген әртіс Ма­рат Азимов, суретшісі – Өзбекстан өне­ріне еңбек сіңірген қай­раткер Бахтиер Тураев.

Спектакльде Абайдың қым-қуыт қарама-қай­шы­­лық пен сан түрлі сы­нақтарға толы тағдыры баян­далады. Басты рөлді Өз­бекстанның халық әртісі, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Якуб Ахмедов пен Өзбекстанға еңбек сіңірген әртіс Махмуд Исмаилов ас­қан шеберлікпен сомда­ды. Сонымен қатар Өз­бекс­тан­­ға еңбек сіңірген әртістер – Гулчехра Ибрагимбекова, Сайёра Юнусова, Шохида Исмаилова, Мехриддин Рах­матов, Абдураим Абду­бахобов, Тахир Саидов та өз рөлдерін тамаша орындап шықты. Қойылымда Дильноза Кубаева, Ази­за Шарипова, Феруз Бур­хонов, Лазиз Орзиев секілді жас таланттар да өнер көр­сетті.

 

Фатима ҚАНАЕВА

 Шыршық қаласы