Сайлау • 06 Маусым, 2019

227 журналист тіркелді

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 маусымға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына дейін үш күн қалды. Сайлау – әлемде үлкен қызығушылық тудыратын, мемлекеттің ең басты сая­си оқиғаларының бірі.

227 журналист тіркелді

Жақында шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу процесі аяқ­талды. Электоралды кезең­де Қазақстан Сыртқы істер ми­нистр­лігі Орталық сайлау ко­миссиясымен (ОСК) бірле­сіп шет мемлекеттерден, халық­аралық ұйымдардан, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелері бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Жалпы, СІМ әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік кор­рес­пондентті аккредиттеді. Со­ны­мен қатар министрлік жанын­да тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік кор­рес­пон­­­денті тіркелген. Бұл әлем­дік қоғам­дастықтың біз­дің елі­мізге деген жоғары қызы­ғу­шылы­ғының және мемлекеттің саяси және әлеу­меттік өміріндегі болып жат­қан өзгерістердің айқын көрінісі.

Шетелдік журналистер сырт­қы саяси ведомство берген тұ­рақты немесе уақытша аккредит­теу ту­ралы куәлік болған жағ­дай­да сай­лауды байқауды жүзеге асы­­руға құқылы екенін атап өт­кен жөн.

Сонымен қатар «Сайлау туралы» Конституциялық заңда шет мемлекеттер мен халық­аралық ұйымдардың байқау­шыларына, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредиттеу туралы куәлікті ұсынған жағдайда аудармашымен ілесе жүріп сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін норма бекітілген.