Руханият • 06 Маусым, 2019

Мергендікті қаласаң – кешенге кел

1018 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың батыр, мерген қызы Әлия Молдағұлованың туып-өскен топырағында бүгінгі жас қыз-жігіттерді мергендікке баулудың жаңа мүмкіндіктері жасалды.

Мергендікті қаласаң – кешенге кел

Мұның басты дәлелі облыстық –тәжірибелік ату федерациясының жанынан ату және нысанаға көздеу кешенінің ашылғаны. Жаңа спорттық құрылым облыс орталығы маңайындағы «Ақжар» ауылының тұсында орналасқан.

Ел өңірлері арасында баламасы жоқ келісті кешеннің жалпы көлемі - 4 гектарды құрайды. Мұндағы атшаптырым ашық алаңда ату мен көздеудің жеті түрі бойынша жаттығулар жасауға болады. Мергендікке баулу орталығы Ақтөбе қаласына 150 жыл толуына орай пайдалануға берілетін нысандар тізбегінде ашылған.