Футбол • Бүгін, 10:38

Чесноков «Хартс» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шотландия чемпионатының 26-туры аясында «Хартс» өз алаңында «Хибернианды» қабылдап, минималды есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чесноков «Хартс» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты

фото: ашық дереккөз

Эдинбург қаласында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз әрі шешуші голды 88-минутта Томас Бент Магнуссон соқты.

Қазақстан құрамасының және «Хартс» клубының вингері Ислам Чесноков бұл ойында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, 76 минут өнер көрсетті. Кейін оның орнына Жорди Альтен шықты.

Луиш Нани тек доп теппейді: Футболшының жалақысы мен жаңа міндеті белгілі болды

Осы жеңістен кейін «Хартс» 57 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал «Хиберниан» 39 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Ислам Чесноков «Хартс» сапына 6 қаңтарда қосылып, клубпен 2028 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойған. Бұған дейін ол 2023 жылдан бері қостанайлық «Тобыл» клубында ойнаған. Сондай-ақ футболшы мансабында Беларусьтің «Белшина» және өскемендік «Алтай» командаларында өнер көрсеткен.

«Миланның» бұрынғы ойыншысы «Жеңіс» футбол клубына ауысты

Соңғы жаңалықтар