Аймақтар • 06 Маусым, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында оқу-әдістемелік жиындар өтті

921 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлықты жетілдіру, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтудың негізгі бағыттары бойынша бағынысты әскери бөлімдердің қолбасшылығымен оқу-әдістемелік жиындар өткізді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында оқу-әдістемелік жиындар өтті

Аталмыш қолбасшылықытң басшылық құрамымен жиын Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінің базасында «Батыс» өтті. Жиынның мақсаты жауынгерлік даярлық іс-шаралары мен тәрбие үдерісін жүргізудің ұйымдастыруда командалық құрамның әдістемелік дағдысын жетілдіру, барлық дәрежедегі командирлердің жауынгерлік машығын жақсарту және 2019 жылғы қысқы оқыту кезеңі бойынша өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қызметіне қорытынды жасау болып табылады.

Жиын барысында командирлермен жауынгерлік даярлықтың барлық пәндері, қойма үй-жайларының барлық түрлерін ұстау, әскерлерлі материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жиын қатысушыларымен сауалнама және психологиялық тестілеу жүргізу бойынша оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Жиын соңында үздік бөлімшелер мен ерекше көзге түскен командирлерді көтермелей отырып, «Батыс» ӨңҚ жауынгерлік даярлық, әскери-тәртіптің, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі бойынша қызметі қорытындыланды.