Аймақтар • 07 Маусым, 2019

Маңғыстауда АӘК алушылардың басым бөлігі – мұнайлылықтар

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Мұнайлы ауданының 1516 отбасына 220 731теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленген. 1 сәуір мен 30 мамыр аралығында осы бағытта 1619 отбасы , 8904 адам өтініш берген. Соның ішінде 1516 отбасына (8734 адам) 220 731 теңге төленсе, 103 адамға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған. Оның ішінде шартты ақшалай көмекке 1264 отбасы (7663 адам ), ал шартсыз ақшалай көмек 252 отбасына (1071 адамға) төленген.

Маңғыстауда АӘК алушылардың басым бөлігі – мұнайлылықтар

Егер отбасында еңбекке қабілетті адам болса, бұл отбасына шартты әлеуметтік көмек тағайындалады. Ол дегеніміз, ол адам жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмысын жасауға міндетті. Ал, жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ болса, мүмкіндігі шектеулі балаға және қарт адамдарға күтім жасап отырса, шартсыз ақшалай көмек беріледі. Екеуінің басты айырмашылығы шартсыз көмек 6 айға, шартты жәрдемақы 12 айға тағайындалады. Мөлшері бірдей.

- Дегенмен, бұрынғыдай көп құжат жинау форматы жойылған. Кейде желілік ақаулар болып, қабылдау уақыты ұзап кетіп жатады. Осындайда халық шыдамсыздық танытып, басқадай әрекеттерге барады. Асығудың еш қажеті жоқ. Айдын соңында тапсырса да, ол азаматқа сол айға толықтай жәрдемақы төленеді. Негізінен атаулы әлеуметтік көмекті көп балалы отбасылар алуда. Үміткерлердің құжаттары сақадай сай болса, атаулы әлеуметтік көмек 7 жұмыс күннің ішінде тағайындалады, деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Біләлов Берік.

Маңғыстау облысы