Егер отбасында еңбекке қабілетті адам болса, бұл отбасына шартты әлеуметтік көмек тағайындалады. Ол дегеніміз, ол адам жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмысын жасауға міндетті. Ал, жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ болса, мүмкіндігі шектеулі балаға және қарт адамдарға күтім жасап отырса, шартсыз ақшалай көмек беріледі. Екеуінің басты айырмашылығы шартсыз көмек 6 айға, шартты жәрдемақы 12 айға тағайындалады. Мөлшері бірдей.
- Дегенмен, бұрынғыдай көп құжат жинау форматы жойылған. Кейде желілік ақаулар болып, қабылдау уақыты ұзап кетіп жатады. Осындайда халық шыдамсыздық танытып, басқадай әрекеттерге барады. Асығудың еш қажеті жоқ. Айдын соңында тапсырса да, ол азаматқа сол айға толықтай жәрдемақы төленеді. Негізінен атаулы әлеуметтік көмекті көп балалы отбасылар алуда. Үміткерлердің құжаттары сақадай сай болса, атаулы әлеуметтік көмек 7 жұмыс күннің ішінде тағайындалады, деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Біләлов Берік.
Маңғыстау облысы