Сайлау • 07 Маусым, 2019

Әзірлік сақадай-сай

800 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы сайлау учаскелері алдымыздағы жексенбі күні өткізілетін республика президентінің кезектен тыс сайлауына жан-жақты әзірліктер жасады.

Әзірлік сақадай-сай

Атап айтқанда, облыс орталығы аумағында №150 учаске сақадай-сай жаб­дықталды. Мұн­да 9 маусым күні 325 619 сайлаушы дауыс бере­ді деп күтілуде. Біз осы саяси науқанға тың­­ғы­­лық­ты әзірлік жасай білген №60 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан №531 сай­лау учас­кесіне барғанымызда, 2755 сай­лау­шы­ның тізімі ұқыпты түрде жинақ­тал­ғанына куә болдық. 

Оның ішінде 7 жас сайлауға тұңғыш рет қатысып, дауыс бергелі отыр екен. Учаске шеңберіне кіретін 6 мүмкіндігі шектеулі жанға да дауыс беру үшін ыңғайлы әрі қажетті жағдайлар жасалыпты. Жасы ұлғайған қарияларға қатысты да дәл осылай деуіміздің жөні бар. №531 сайлау учаскесінің төрағасы Абзал Тәжімішев бізге сайлау науқанына әзірлік жұмыстарының қорытындылары және сайлаушылардың бүгінгі ынта-жігері мен өршіл көңіл күйі жөнінде айтып берді.

Аталған сайлау қосынымен іргелес №532 сайлау учаскесінде де жинақылық пен ұқып­тылықтың оң көріністері бірден бай­қалды. Мұнда 2975 сайлаушы тіркелсе, денсаулық жағдайына байланысты алты адамның үйінен дауыс беру үшін барлық мүмкіндік туғызылыпты. Тағы бір айта кетерлік жайт, аталған сайлау учаскелері дауыс беруге алғашқылардың легінде аза­маттық парыздарын атқаруға келген 100 адамға арнайы сыйлық тапсыруды көздеп отыр екен. 

Міне, президенттік сайлау өткізілетін күн де есік қағып тұр. «Іске сәт» деп осындайда айтылса керек.

Ақтөбе