Аймақтар • 07 Маусым, 2019

Қазақстанның әскери теңізшілері Халықаралық армиялық ойындарға дайындалуда

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Маңғыстау» кемесінің экипажы тамыз айында Әзірбайжан елінің Каспий теңізі акваториясында өтетін Халықаралық армиялық ойындарға дайындалуда. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.

Қазақстанның әскери теңізшілері Халықаралық армиялық ойындарға дайындалуда

«Теңіз Кубогі» сайысында Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын «Маңғыстау» кемесі қорғайтын болады. Оның құрамына 65 әскери қызметші кіреді. Олар сайыстың үш түріне қатысатын болады, ол кеменің мақсаты бойынша қолданылуы (артиллериялық оқпен атыс), кеменің сақталуы үшін күрес және теңіз машықтылығы мен құтқару жұмыстары сайысы.

Қазіргі таңда «Маңғыстау» кемесінің экипажы әуедегі, теңіздегі нысаналар бойынша атыс жаттығуларын жүргізіп, жүзіп жүрген миналарға қарсы тұру бойынша дайындықтар жүргізуде. Әрбір жаттығу сайын жеке құрам өз біліктілігі мен үйлесімділігін арттырып, тәжірибелерін арттыруда.

- Бұл сайысқа Каспий маңы елдерінің су сыйымдылығы 1000 тоннадан аспайтын кіші кемелерінің қатысуына рұқсат етілген. Шарт бойынша, олардың артиллериялық және атыс қаруларымен қоса, құтқару шараларын орындау үшін кіші көлемдегі жүзу құралдары (катер, шлюпка) болуы тиісті. Бұл Ресей Федарциясы, Иран Ислам Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кемелеріне қатысуына мүмкіндік береді, - дейді капитан Р.Игисинов.

«Теңіз Кубогы-2019» (әскери биатлон) сайысы 2019 жылғы Халықаралық армиялық ойындардың бағдарламасына енген және осы сайысқа Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері қатысатын болады.


Маңғыстау облысы