Сайлау • 09 Маусым, 2019

Асқар Мамин Қазақстан Президенті сайлауында дауыс берді

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің 14 облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды.

Асқар Мамин Қазақстан Президенті сайлауында дауыс берді

Үкімет басшысы Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласы Астана концерт залындағы №138 сайлау учаскесіне келді. Бұған дейін бұл учаскеде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов та дауыс беріп кетті.

Премьер-Министр аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алған соң кезекте тұрған қала тұрғындарымен сөйлесті. Таңдауын жасап, дауыс беріп болған соң Асқар Мамин халықаралық байқаушылармен пікір алмасты.


Суреттерді түсірген Орынбай Балмұрат