Саясат • 09 Маусым, 2019

Кәрім Мәсімов дауыс берді

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кәрім Мәсімов дауыс берді

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов дауыс берді.

Сондай ақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Президенті сайлауында дауыс берді.

Суретті түсірген Ерлан Омар

«Мен өз даусымды тұрақтылыққа, Қазақстанның келешегі үшін бердім. Қазіргі уақытта Қазақстан дүниежүзіне сыйлы, өз орны бар мемлекет. Саясатта да, өнер жағынан да мақтанышпен жетістіктерімізді айта аламыз. Әрине бүгінгі сайлауға бүкіл Қазақстанның қатысып жатқаны өте қуанышты», - деді министр журналистерге берген сұхбатында. 

«Менің отбасым басқа учаскеде тіркелген. Осы учаскеге өзім сұранып келдім. Себебі, басқа әкімшілік ғимараттарға қарағанда кітапханада дауыс берген ұнайды», - деді А. Мұхамедиұлы.