Аймақтар • 09 Маусым, 2019

Қарағанды облысындағы сайлау учаскелерінде Головкин мен Роллс жекпе-жегі көрсетілді

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы сайлау учаскелерінде кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жектің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Қарағанды облысындағы сайлау учаскелерінде Головкин мен Роллс жекпе-жегі көрсетілді

Мұндай идеяға Майқұдық елді мекеніндегі әйгілі боксшы оқыған №65 мектептің ұжымы бастамашы болды. Білім мекемесіндегі спорт залына екі бірдей үлкен экран ілініп, осындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындар бокс жекпе-жегін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

– Бұл біздің мектебіміздің оқушылары мен бүгін осында келіп дауыс берген олардың ата-аналары үшін іске асырылған идея. Жекпе-жекті осы жерде тамашалаған ұнауы мүмкін деп шештік. Өз таңдауларын жасағаннан кейін тұрғындардың көбі спорт залында қалып, әйгілі боксшыға қолдау білдірді, – деді №65 мектептің директоры Нұрбол Күнеділов.

Жерлес боксшының айқын басымдығымен өткен жекпе-жекті тамашалауға сайлаушылар ғана емес, сонымен қатар осы мектептің  оқушылары да көптеп келді. Олар қолдан баннер жасап, плакаттарға жігерге толы сөздер жазып, былғары қолғап шеберіне мықты қолдау көрсетті.

Жалпы, Қарағанды облысында кезектен тыс Президент сайлауына келіп, дауыс бергендердің белсенділігі жоғары деп айтуға болады. Өңірде ресми тіркелген 938 мың сайлаушы үшін 787 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 


Қарағанды облысы


Соңғы жаңалықтар