Сайлау • 09 Маусым, 2019

Павлодардағы №11 сайлау учаскесінде жәрмеңке өтуде

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Естай атындағы мәдениет сарайының алдында қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырған азық-түлік жәрмеңкесі сайлаушыларға арналды.

Павлодардағы №11 сайлау учаскесінде жәрмеңке өтуде

Ольга Бугаева

Жәрмеңкеде жұмыртқаның қорабы 185 теңгеден, 2 келілік ұн 270 теңгеден, 5 келілік қант 1125 теңгеден сатылуда.

Учаскелік комиссиясы төрағасы Біржан Өскембаевтың айтуынша, учаскеде 2203 сайлаушы тіркелген.

Қазір тұрғындар белсенді түрде дауыс беруде.

Сағат 11:00-де 670-ке жуық адам дауыс беріп үлгерді. Алғаш дауыс беруге таңертең 16 адам келген.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 20 адам үйінде дауыс беруге өтініш білдірді. Оларға арналып 2 жәшік бөлінген.

Ал, сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған керекті құралдармен жабдықталған арнайы бұрыш бөлінген.

Учаскеде Новосібірден келген шетелдік бақылаушы мен партиялардың және Президенттікке үміткерлердің сенімді өкілдері бар. 
Соңғы жаңалықтар