Аймақтар • 09 Маусым, 2019

Батыстағы әскерилер бірінші болып өздерінің сайлау учаскелерінде дауыс беруді аяқтады

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен олардың отбасылары Президент сайлауына белсене араласып, жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-де дауыс беруді аяқтады. Бұл туралы аталмыш қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Батыстағы әскерилер бірінші болып өздерінің сайлау учаскелерінде дауыс беруді аяқтады

Әскери қызметшілер аталмыш іс-шараны маңыздылығы мен жоғары жауапкершілігін ұғына отыра, сайлау қортындысын тарихи оқиға деп табуда.

Ақтау қаласында әскери қызметшілер үшін 25744 әскери бөлімінде жеке сайлау учаскесі құрылса, Атырау және Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері өздерінің тұрғылықты тіркелу орындырында дауыс берді. Әскери қызметшілердің басым бөлігі үшін бұл алғашқы Президент сайлауына қатысу болып отыр, әсіресе 1500-нан астам мерзімдік қызметтегі сарбаздар үшін. Олардың бірі - көктемгі шақырылымда Алматыдан келген қатардағы жауынгер Санжар Адильбаев.

-Осы сайлауда, біздер тек қана еліміздің Президентін емес, Қарулы Күштердің Жоғары қолбасшысын сайлаудамыз. Сондықтан мен, еліміздің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдадым деп санаймын, деді ол.

 Кейбір әскери қызметшілер, таң атасымен сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп жетті, олардың бірі 41433 әскери бөлімінің сержанты 2 сыныпты сержант Бағдат Байсериков. Ол Атырау қаласындағы № 21 сайлау учаскесінде бірінші болып бюллетеньді урнаға тастады.

Таң атысымен, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров, әскери бөлім командирлері мен басқарам офицерлері өз таңдауларын жасап, сайлауға қатысты.