09 Маусым, 2019

Күршім ауданында жеті баланың анасы дауыс берді

1147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні алтын құрсақты аналардың барлығы келіп, өз таңдауларын жасады.

Күршім ауданында жеті баланың анасы дауыс берді


Күршім ауданында 363 көпбалалы ана тұрады. Бүгінгі күні алтын құрсақты аналардың барлығы келіп, өз таңдауларын жасады. Солардың бірі - "Алтын Алқа" иегері, 7 баланың анасы Айнұр Адаспаева. «Бүгін өз сайлау учаскеме барып, дауысымды бердім. Мен көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегерімін. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көңіл бөлінуде. Мектеп жасындағы балаларым тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, аудан орталығында жастардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған үйірмелерге, спорт нысандарына тегін қатысады. Жолдасым екеуміз балаларымыздың сапалы білім алып, еліміздің бетке ұстар, білімді, тәрбиелі, еңбекқор азаматтары болуға бар күш жігерімізді салудамыз. Балаларымның болашағы үшін бүгін таңдау жасадым» дейді алтын құрсақты ана. Аудан бойынша алғаш дауыс берген азаматтар мен көпбалалы аналарға сыйлықтар табысталып, Алғыс хаттармен марапатталды.


Шығыс Қазақстан облысы,
Күршім ауданы