Саясат • 09 Маусым, 2019

Қазақстанда Президент сайлауында дауыс беру аяқталды

769 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда уақыты бойынша 07:00-де басталған кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру аяқталды.

Қазақстанда Президент сайлауында дауыс беру аяқталды

Астана уақытымен 21:00-де (Батыс Қазақстан уақытымен 20:00-де) Қазақстанның бес өңірінде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды. Бұған дейін елдің 17 өңірінің 12-сінде дауыс беру аяқталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы күні сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Қазақстан аумағында және оның сыртында 9 968 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс берді.