Президент • 11 Маусым, 2019

Сайлаудағы жеңісімен құттықтады

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Респуб­ликасының Президенті Режеп Ердоғанның құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өзінің және түрік халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақ­стан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Саяси тұрақтылық сабақтастығының маңызды көрсеткіші ретінде осы сайлаудың табысты аяқталғанына қуанышты екенін айтқан Түркия Президенті Қазақстанның алдағы дамуына сенім білдірді.

«Қазақстанның тыныштық пен тұрақ­тылық жолындағы қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне және халықара­лық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуге үлес қоса беретініне күмәнім жоқ. Халықтарымыз арасындағы тарихи және ежелгі достыққа негізделген Түр­кия-Қазақстан қарым-қатынастары Тұң­ғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев мырзамен біздің бірлескен күш-жі­геріміздің арқасында жоғары деңгейге жетті. Осы орайда елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды барлық салада одан әрі дамыту үшін жұмыс істеуге дайын екенімді атап өткім келеді», делінген жеделхатта.

Түркия Президенті Мемлекет басшысына денсаулық, бақыт тіледі.